Халыққа құқықтық кеңес!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 25 маусымда Алматы облысы Ұйғыр ауданының орталық кітапханасында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға Алматы облысы Әділет департаментінің қызметкерлері, нотариустар, адвокаттар және жеке сот орындаушылары қатысып, азаматтарға заңнама талаптары бойынша кеңестер берді.

Кездесу барысында тұрғындардың алимент өндіру, мұрагерлік рәсімдеу, атқарушылық іс жүргізу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, нотариаттық әрекеттер жасау, заң көмегін алу және өзге де құқықтық мәселелер бойынша сұрақтарына жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктері туралы хабардарлығын күшейту және халыққа қолжетімді құқықтық көмек көрсету.

Осындай кездесулер тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1248344?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version