Қызылащы ауылдық округінде «Ішімдіксіз ауыл» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қызылащы ауылдық дәрігерлік амбулаториясының қызметкерлері қатысып, алкогольдік ішімдіктердің адам денсаулығына, отбасы берекесіне және қоғам тыныштығына тигізетін зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында амбулатория қызметкерлері салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндіріп, зиянды әдеттердің алдын алу, денсаулықты сақтау және аурулардың алдын алу бойынша пайдалы кеңестер берді. Сонымен қатар тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, ішімдікке тәуелділіктің алдын алу жолдары талқыланды.
Іс-шараның мақсаты – ауыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, алкогольдік ішімдіктерді тұтынудың алдын алу және қоғамда ішімдіксіз мәдениетті қалыптастыру.
Осындай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kyzylashy/press/news/details/1248342?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау