Өкіл Облыстық балалар оңалту орталығына мониторинг жұмыстарын жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдерінің 2026 жылдың 1-жартыжылдығына арналған мандатқа жататын мекемелер мен өзге де ұйымдарға бару жоспарына» сәйкес, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық балалар оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына барып, балалардың құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізді.

Мониторинг нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктер туралы ақпарат тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы мекемеге жолданатын болады.

Сонымен қатар, медиажоспардың 4.99-тармағына сәйкес, өкіл мекеме қызметкерлері мен қызмет алушыларға «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңының негізгі ережелерін түсіндіру тақырыбында дәріс өткізіп, бала құқықтарын қорғаудың негізгі қағидаттары мен заңнамада көзделген кепілдіктер жөнінде құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-turkistan-oblysy/press/news/details/1249163?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version