2026 жылғы 23 маусымда Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы «Источник» ЖШС кір жуу цехының қызметкерлері арасында «Скринингтен өтудің маңыздылығы» атты акция өткізді. Іс-шара барысында скринингтік тексерулердің маңызы түсіндіріліп, олардың әртүрлі ауруларды ерте анықтауға және қауіп факторларының алдын алуға мүмкіндік беретіні айтылды. Скринингтің басты мақсаты – аурулардың алдын алу, денсаулықтағы өзгерістерді дер кезінде анықтау және асқынулардың дамуына жол бермеу. Уақытылы скринингтен өту – денсаулықты сақтаудың маңызды кепілі. Тіркелген медициналық ұйымыңызда профилактикалық тексеруден өтуді ұмытпаңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1247973?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау