Жылыой аудандық мәслихатының кезектен тыс 46-сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жылыой аудандық мәслихатының кезектен тыс 46-сессиясы өтті. Оған, аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Е.Нұрланұлы, аудан әкімінің орынбасары А.Айдашев, қала әкімі, бөлім басшылары мен ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Сессия барысында депутаттар күн тәртібіне енгізілген 4 мәселені қарап, олар бойынша баяндамаларды тыңдап, мәселелерге қатысты сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Атап айтқанда:

  1. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы №29-1 «Жылыой ауданыбойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11-2 «Жылыой аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №40-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Жылыой аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 тамыздағы №33-4 «Жылыой ауданы әкімдігі жанындағы Жылыой ауданының терроризмге қарсы комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Күн тәртібіне қойылған мәселелер толықтай талқыланды.

Сессия жұмысынан кейін Жылыой аудандық мәслихатының әлеуметтік сала, құқық, коммуналдық шаруашылық, құрылыс, өндіріс, ауыл шаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті.

Күн тәртібінде екі маңызды мәселе қаралды:

  1. 2026-2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы;
  2. Аудан мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығы.

Бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары А.Айдашев баяндама жасап, жылу беру маусымына дайындық жұмыстары, коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі және алдағы жоспарлар жөнінде ақпарат берді.

Екінші мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы А.Абдолов білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы, жөндеу жұмыстары, материалдық-техникалық базаны нығайту және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Комиссия отырысы барысында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты бірқатар сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының сапасын күшейту, әлеуметтік нысандардың үздіксіз жылумен қамтылуын бақылауда ұстау, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталуы, оқушылардың қауіпсіздігі мен мектептердің жаңа оқу жылына толық дайын болуы мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhylyoy-district/press/news/details/1247974?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version