Төлеп ауылында «Алкогольсіз ауыл» жобасы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Алкогольсіз ауыл» жобасы аясында Төлеп ауылында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарымен кездесіп, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар тұрғындарға алкоголь өнімдерін тұтынудың адам денсаулығына және қоғамға тигізетін кері әсері, қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік, сондай-ақ ауылдағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әрбір азаматтың рөлі түсіндірілді.

Мұндай профилактикалық жұмыстар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

https://www.instagram.com/reel/DZ9Z1KAsUlB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1248692?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version