Жоғалған жасөспірім аман-есен табылып, заңды өкілдеріне тапсырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 17 маусым күні сағат 20:00 шамасында Мұнайлы ауданының Батыр ауылында 2010 жылы 28 ақпанда туған жасөспірімнің үйінен шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы хабарлама түсті.

Аталған дерек бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел түрде іздестіру жұмыстарын ұйымдастырып, барлық қажетті шараларды қабылдады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жасөспірімнің жүрген жері анықталып, ол аман-есен табылды. Кейін заңды өкілдеріне тапсырылды.

Құрметті ата-аналар мен заңды өкілдер!

Балаларыңыздың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, олардың қайда жүргенін үнемі бақылауда ұстауларыңызды сұраймыз. Сонымен қатар балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, олармен тұрақты байланыста болудың маңыздылығын естен шығармаңыздар.

https://www.instagram.com/reel/DZ9XIbZqD8Z/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1248684?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version