ТҮРКІСТАНДА ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША20 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНҒА ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Түркістан қалалық газ инспекциясы» КММ тарапынан биылғы жылдың 5 қаңтары мен 29 маусымы аралығында қала аумағындағы 19 369 нысанда газды қауіпсіз пайдалану және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бағытында бақылау және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оның ішінде 1 799 кәсіпкерлік нысаны қамтылды. Атап айтқанда, табиғи газбен қамтылған 788 нысан, газ баллонын пайдаланатын 66 нысан, электр құрылғыларын қолданатын 574 нысан және орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 259 нысан зерделенді. Сонымен қатар газ инспекциясы тарапынан 70 ескерту беріліп, қатты отын пайдаланатын 12 нысан мен автогаз құю бекеттеріне 30 ескерту ілінді.
Тұрғын үйлерде табиғи газ бен тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану, улы газдан уланудың алдын алу және өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру мақсатында 17 570 тұрғын үйде үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде табиғи газ пайдаланатын 17 530 тұрғын үй мен газ баллонын қолданатын 40 тұрғын үй қамтылып, газ баллондарын қауіпсіз пайдалану бойынша барлық 40 тұрғын үй иесіне арнайы түсіндірме берілді.
Сондай-ақ табиғи газдан уланудың алдын алу мақсатында 5 911 тұрғын үйде ВДГО, ВДС келісімшарттарының және газсигнализаторлардың жоқ екендігі анықталып, тұрғындарға ескерту жасалды. Кемшіліктер толық жойылғанға дейін табиғи газдан ажырату туралы «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалына тиісті хат жолданды.
Газ қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары әлеуметтік желілерде де тұрақты жүргізілуде. Атқарылған іс-шаралар бойынша фото және бейнематериалдар WhatsApp, Instagram, Facebook платформаларында жарияланып, қаладағы 28 мешітте улы газдан уланудың алдын алу жөніндегі түсіндіру жұмыстары жамағатқа жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1250059?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version