Интернет-алаяқтықтан сақ болыңыз

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары интернет желісі арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Соңғы уақытта интернет-алаяқтар танымал хабарландыру платформалары арқылы азаматтарды алдау әрекеттерін жиілеткен. Көп жағдайда олар сатушы немесе сатып алушы ретінде байланысқа шығып, жалған сілтемелер жіберу, алдын ала төлем талап ету немесе банк картасының деректері мен SMS арқылы келген растау кодтарын сұрау арқылы азаматтардың қаражатын заңсыз иемденуге тырысады.

Осыған байланысты полиция тұрғындарды қырағылық танытып, жеке және банк деректерін бөгде адамдарға бермеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, тауардың бар екеніне көз жеткізбей алдын ала төлем жасамауға және мәміле жасамас бұрын екінші тараптың мәліметтерін мұқият тексеруге шақырады.

Егер күмәнді жағдайға тап болсаңыз немесе алаяқтық белгілерін байқасаңыз, дереу «102» арнасына хабарласыңыз.

Полиция интернет-алаяқтықтың алдын алуда әр азаматтың сақтығы мен құқықтық сауаттылығы маңызды екенін еске салады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1251687?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version