Отбасы-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мұнайлы аудандық полиция бөлімі Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторлары профилактикалық есепте тұрған азаматтармен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүйелі түрде жеке профилактикалық әңгімелесулер өткізуде.

Профилактикалық кабинетте ұйымдастырылатын кездесулер барысында азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың салдары мен жауапкершілігі туралы жан-жақты ақпарат беріледі. Сонымен қатар құқыққа бағынатын мінез-құлықты қалыптастырудың, өзара сыйластық пен жанжалдарды бейбіт жолмен шешудің маңыздылығы түсіндіріледі.

Мұндай профилактикалық жұмыстардың негізгі мақсаты – қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және қоғамдағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1251690?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version