Қызмет пен спортты қатар бағындырған чемпион

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сәтбаев қаласы полиция бөлімінің жедел кезекшісі, полиция майоры Алмас Әлменбаев қызмет пен спортты қатар алып жүрген үлгілі азамат. Ол пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жүлдегері, ал 2024 жылы классикалық пауэрлифтингтен ел чемпионы атанып, Абсолютті чемпион кубогын жеңіп алды.
Алмас Әлменбаевтың жетістігі тек спортпен шектелмейді. Ол – үш ұл тәрбиелеп отырған ардақты әке, ал жұбайы Гүлнұр Сауленбекова да пауэрлифтингтен спорт шебері әрі өңірге танымал фитнес жаттықтырушысы.
Спорт пен салауатты өмір салтын серік еткен Альменбаевтар отбасы еңбекқорлықтың, тәртіптің және отбасылық құндылықтардың жарқын үлгісін көрсетіп келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1251003?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version