Іс-шара басталғалы полиция қызметкерлері 9 есірткі қылмысын анықтады. Оның ішінде есірткі заттарын заңсыз сақтау және құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактілері бар.
Заңсыз айналымнан 700-ден астам қарасора түбі тәркіленді. Барлық дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Нашақорлықтың алдын алу мақсатында өңірде 50-ге жуық профилактикалық шара ұйымдастырылып, оған 3 мыңға жуық адам қатысты. Форумдар, кездесулер, спорттық жарыстар мен шығармашылық байқаулар өткізілді.
Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күресті және профилактикалық жұмыстарды жалғастырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1251002?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау