📅 04 шілде күні Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Қаңлыбай Ернұр Сейтқалиұлы, Ордабасы АПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Көпбосын Ақтөре Садықұлы, Ордабасы аудандық Отбасын қолдау орталығының өкілі Рахиев Ғани және Ордабасы аудандық білім бөлімінің маманы Сарсенбеков Бақберген Түймебекұлымен бірлесіп, Ордабасы ауданы аумағында жалпы саны 9 нысанда профилактикалық (рейд) шараларын өткізді.
Соның ішінде:
📍 қоғамдық тамақтану орындарында – 3 («Medina», «Аружан», «Кездесу»);
📍 жанармай құю станцияларында – 3 («Айтенов» ЖҚС, «АЖБ» ЖҚС, «Бейбарыс Газ»);
📍 көлік жуу орындарында – 2 («Айтенов» көлік жуу орны, «Чина» көлік жуу орны);
📍 сауда орталықтарында – 1 («Байтерек» сауда орталығы).
🚔 Рейд барысында кәсіпкерлік субъектілеріне еңбек заңнамасының талаптары және кәмелетке толмағандардың еңбегін қолдану кезінде қолданыстағы заңнама нормаларын орындау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
📌 Осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1254257?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау