Статистикалық мәліметтерге облыс халқының саны 1 609 784 адамды құрайды.
Жалпы облыс бойынша әлеуметтік төлем алушылар саны 569 366 адам, оның ішінде:
– зейнеткерлер – 179 665 6адам;
– мүгедектігі бойынша жәрдемақы – 32 777 адам;
– асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы – 14 544 адам;
– арнайы мемлекеттік жәрдемақы – 10 495 адам;
– бала бір жарым жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы –13 202 адам;
– көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы –56 829 адам;
– 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар тұлғаға күтім бойынша жәрдемақы – 7 016 адам;
– І топтағы мүгедектігі бар тұлғаға күтім бойынша жәрдемақы – 3 125 адам;
– көп балалы аналар – 19 908 адам;
– №1,2 тізім бойынша жәрдемақы – 2 адам.
Ағымдағы жылдың маусым айында жалпы 15 311 әлеуметтік төлемдер тағайындалды немесе 2025 жылдың маусым айына қарағанда 2,1%-ға көбейген. Оның ішінде:
– жаңа тағайындалғандар 8 790 немесе 6,1%-ке көбейген;
– қайта қаралып бекітілгендер 6 521немесе 2,8%-ке азайған.
//Салыстырмалы түрде 2025 жылдың маусым айында тағайындалған әлеуметтік төлемдер 14 994, оның ішінде: жаңадан тағайындалғандар 8 286, қайта қаралғандар 6 708//.
Сонымен қатар, 175 зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы тағайындаудан бас тартылды, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар – 22, мемлекеттік кепілдеме төлемі – 153. Өткен жылы 244-ді құраған немесе 39,5%-ке азайған.
//Тағайындаудан бас тартудың негізгі себептері: зейнетақы төлемдері бойынша – еңбек өтілі расталмаған, шығу елінде еңбек өтілін растайтын құжаттар заңдастырылмаған; көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы бойынша – неке бұзылған жағдайда сот шешімі ұсынылмаған және т.б.//
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1254255?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау