Қарағанды облысында телемедицина жобасы қарқынды дамып келеді. Жобаның арқасында ауылдық және шалғай елді мекендерде тұратын балалар Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасының бейінді мамандарынан облыс орталығына бармай-ақ қашықтан кеңес ала алады.
Алдағы уақытта телемедициналық желі облыстағы 117 медициналық ұйымды қамтиды. Оның ішінде фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар бар. Бүгінде 105 елді мекен қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл өңірдегі 200 мыңнан астам тұрғынға мамандандырылған медициналық көмекті қолжетімді етуге мүмкіндік береді.
Телемедицина балаларға тұрғылықты жеріне жақын жерде мамандандырылған медициналық көмек алуға жағдай жасайды. Сонымен қатар, жергілікті дәрігерлер күрделі клиникалық жағдайларда облыстық балалар клиникалық ауруханасының мамандарымен жедел кеңесіп, науқастарға уақтылы көмек көрсетуге мүмкіндік алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-koktenkol/press/news/details/1255039?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау