Елді мекендерді абаттандыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларының 10-тармағының 2-тармақшасына сәйкес аялдама пункттерінде, қабырғаларда, бағаналарда, қоршауларда және осы мақсаттар үшін көзделмеген өзге де объектілерде жазулар, суреттер салуға, қандай да бір хабарландырулар мен басқа да ақпараттық хабарламаларды желімдеуге және ілуге жол берілмейді. Көрсетілген объектілердегі жазуларды, суреттерді, хабарландыруларды және басқа да ақпараттық хабарламаларды жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды осы объектілердің меншік иелері қамтамасыз етеді. Аталған талаптарды бұзу ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа (ескерту жасауға немесе 20-дан 100 АЕК-ке дейін, қайталап бұзғаны үшін — 30-дан 300 АЕК-ке дейін айыппұл салуға) әкеп соғады. Бұл ретте хаттамалар толтыру және істерді қарау полиция қызметінің (учаскелік полиция инспекторларының) де, жергілікті атқарушы органдардың (әкімдердің) де құзыретіне жатады. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-chistopolye/press/news/details/1255042?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version