Техникалық құрылғылар сататын сауда нүктесінде бөтен мүлікті жасырын түрде иемдену дерегі тіркелді.
Тергеу барысында анықталғандай, 27 жастағы азамат дүкен ішіне келуші ретінде кіріп, еркін қолжетімділікті пайдалана отырып, сөрелердің бірінде тұрған «Huawei Free Clip 2» портативті колонкасын заңсыз түрде иемденіп, оқиға орнынан кеткен.
Бұл оқиға дүкеннің бейнебақылау жүйесіне толық көлемде тіркелген. Бейнежазбаларға жүргізілген талдау нәтижесінде күдіктінің дүкен ішіндегі қозғалысы мен әрекеттері нақты анықталып, оның жеке басы белгілі болды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні қысқа мерзімде анықтап, ұстады. Ұрлық жасаған азамттың бұған дейінде дәл осындай эпизодқа қатысы бар екені анықталды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері тағайындалған.
Полиция бөтен мүлікті жасырын иемдену қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Сонымен қатар, сауда орындарында орнатылған бейнебақылау жүйелері құқық бұзушылықтарды анықтау мен олардың жолын кесуде тиімді құрал болып табылатынын хабарлайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1254094?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау