Хабарландыру!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарақия ауданы әкімдігі «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алуға және тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алу үшін өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды.

Бағдарлама ауылдық елді мекендерге жұмысқа орналасқан және тұрақты тұруға келген:

* денсаулық сақтау;
* білім беру;
* мәдениет;
* спорт;
* әлеуметтік қамсыздандыру;
* агроөнеркәсіптік кешен саласының мамандарына;
* ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне арналған.

Бағдарлама аясында:

* тұрғын үй сатып алуға немесе салуға жеңілдетілген бюджеттік кредит беріледі;
* кредит мерзімі – 15 жылға дейін;
* сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 1%.

Өтінімдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық форматта otbasybank.kz баспана маркет порталы арқылы қабылданады.

Бағдарламаға қатысуға ниетті азаматтарды құжаттарын уақытылы тапсыруға шақырамыз.

Қосымша ақпарат алу үшін Қарақия аудандық экономика және қаржы бөліміне хабарласуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1254517?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version