КӨРМЕ АЯСЫНДА МАҢЫЗДЫ КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
КӨРМЕ АЯСЫНДА МАҢЫЗДЫ КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛУДЕ
 
Жетісай ауданы – Түркістан облысындағы аграрлық әлеуеті жоғары, еңбекқор тұрғындары шоғырланған өңірлердің бірі. Аудан экономикасының негізгі драйвері – ауыл шаруашылығы саласы. Әсіресе, мақта шаруашылығы, бақша дақылдарын өсіру, көкөніс өндіру, жылыжай шаруашылығын дамыту және азық-түлік өнімдерін өндіру бағыттары ауданның экономикалық бейнесін айқындайды. Өңірде ерте пісетін көкөніс пен бақша өнімдерін өндіруге қолайлы табиғи-климаттық жағдай қалыптасқан. Бұл өз кезегінде ішкі нарықты қамтып қана қоймай, экспорт көлемін ұлғайтуға да негіз қалайды.
 
Өңірдің аграрлық әлеуетін тиімді пайдалану, өнімді терең өңдеу және оны жаңа нарықтарға шығару – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі болғандықтан халықаралық көрме аясында өткен кездесулер Жетісай ауданы үшін айрықша маңызға ие. Себебі, қытайлық компаниялармен орнатылатын әріптестік ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, сұрыптау, буып-түю, қайта өңдеу, логистикалық тізбекті жетілдіру және заманауи өндірістік желілерді енгізу бағытында жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.
 
Сонымен қатар, Жетісай ауданында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру, инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл ретте шетелдік инвесторлармен және ірі компаниялармен тікелей байланыс орнату – аудан экономикасын әртараптандыруға, агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге көтеруге және өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін маңызды қадамдардың бірі.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1253127?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version