«Конституция – бақытты балалық шақ пен үлкен мүмкіндіктер аумағы!» флешмобы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 1 шілдеде «Аю-Тас» сауықтыру лагерінде «Конституция – бақытты балалық шақ пен үлкен мүмкіндіктер аумағы!» атты жарқын да әсерлі флешмоб өтті.

Лагерь қатысушылары Отанға деген сүйіспеншілігін, Қазақстан Республикасы Конституциясына деген құрметін білдіріп, бақытты балалық шақ, достық, бейбітшілік пен бірлік – қоғамымыздың басты құндылықтары екенін көрсетті.

Флешмоб балаларға көтеріңкі көңіл күй, сергектік сыйлап, бірлік пен ынтымақ сезімін нығайтты. Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың азаматтық белсенділігін, отансүйгіштік қасиетін қалыптастырып, ел заңдарына деген құрметін арттыруға ықпал етеді.

Конституция – біздің құқықтарымыздың, мүмкіндіктеріміздің және жарқын болашаққа деген сеніміміздің берік негізі! Бірге бақытты болашақ құрайық!

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1253150?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version