Қарағанды облысының бес ауыл оқушысы IQanat білім гранттарының иегері атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысының ауылдық өңірлерінен шыққан бес оқушы IQanat білім гранттарын жеңіп алып, енді IQanat High School of Burabay мектебінде тегін білім алады. Бұл – Қазақстанның ауылдарынан 60 мыңнан астам оқушы қатысқан ауқымды IQanat олимпиадасының қорытындысы.

Әрбір осындай жетістіктің арғы жағында баланың таланты ғана емес, оның өз күшіне сенуіне ықпал ететін жандар қауымдастығы тұр. Бүгінде IQanat жобасын Қазақстанның 250-ден астам кәсіпкері мен меценаты қолдайды. Олар тек білім беру бағдарламаларын қаржыландырып қана қоймай, оқушыларға тәлімгер болып, табандылық пен білімнің өмірді өзгерте алатынын өз үлгілерімен көрсетіп келеді.

кәсіпкерлермен жүздесу – өміріндегі алғашқы осындай тәжірибе. Кейде бір ғана әңгіме, бір жылы сөз немесе пайдалы кеңес баланың өзіне деген сенімін нығайтады. Ал еңбегімен жетістікке жеткен адамның өмір жолы оның мақсаты мен болашақта кім болғысы келетініне дейін ықпал етуі мүмкін. Сондықтан біздің балалар үшін қамқоршылық кеңес мүшелері – нағыз үлгі тұтар тұлғалар, – дейді IQanat қорының атқарушы директоры Азамат Ашамаев.

Қамқоршылар ауылдарға барып, балаларды ірі қалаларға шақырады, кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырады, емтихандарға дайындалуға көмектеседі, халықаралық жарыстарға жібереді, тағылымдамадан өтуге және алғашқы жұмыс орнын табуға қолдау көрсетеді.

– Осындай ерекше оқиғалардың бірі – қамқоршылардың бірі ауылдағы қыздарды мектеп бітіру кешіне жинап, оларға көйлек пен аяқкиім сатып алып, Астанаға әкеліп, бір күнді нағыз ертегіге айналдырды. Сондай-ақ меценаттардың егіз балалар бір-бірінен ажырап қалмауы үшін оларға арнайы жеке гранттар бөлген жағдайлар да болды. IQanat-тың ғажайыптары дегеніміз – дәл осы, – дейді IQanat академиялық директоры Зухра Шегенова.

Биыл IQanat олимпиадасының финалы Алматы қаласында өтіп, жыл бойы көпсатылы іріктеуден сәтті өткен мыңнан астам оқушыны жинады. Финалдық салтанатты рәсімнің бас демеушісі облыстық қамқоршы Тимур Турловтың атынан Freedom Holding Corp. компаниясы болды.

Финал қорытындысы бойынша 150-ден астам оқушы IQanat High School of Burabay мектебінде білім алуға грант иеленді. Олардың қатарында Қарағанды облысының бес өкілі бар: Абай ауданынан Сұлтан Әлмұханов, Қарқаралы ауданынан Кәусар Тоқтаубай, Нұра ауданынан Темірлан Нұрмұхамет және Шет ауданынан Көркем Алпысбай. Ал Нұра ауданынан шыққан тағы бір оқушы – Ажар Дүйсембай жоба қамқоршысы Анар Рахымбаеваның жеке грантын жеңіп алды.

Қалған финалистер IQ-IP үш жылдық білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастырады. Бағдарлама ауыл оқушыларының Қазақстан мен шетелдің жетекші жоғары оқу орындарына түсуіне дайындалуына мүмкіндік береді.

– IQanat финалына келген әрбір баладан біз өзіміздің балалық шағымызды көреміз. Көпшілігіміз де өмір жолын оңай жағдайда бастаған жоқпыз және дер кезінде көрсетілген қолдаудың адамның тағдырын қалай өзгерте алатынын жақсы білеміз. Сондықтан біз бұл балаларды жай ғана мектеп оқушылары емес, болашақ дәрігерлер, инженерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер мен ұстаздар ретінде көреміз. Ең шабыттандыратыны – нәтижесі: бүгінде IQanat түлектерінің 94 пайызы мемлекеттік грантпен оқуға түсіп, әлемнің 19 елінде білім алып жүр. Демек, бұл жүйе шынымен де тиімді жұмыс істеп, ауылдағы дарынды балалардың өз әлеуетін толық ашуына мүмкіндік беріп отыр, – деді кәсіпкер әрі Kusto Group PTE Ltd директорлар кеңесінің мүшесі Талғат Тұрымбаев.

Фото IQanat білім беру қорынан

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1254044?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version