Орал қаласында Қазақстан Республикасы классикалық шахматтан балалар кубогінің IV іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.
Зияткерлік спорттың мәртебесін асқақтатқан айтулы додаға еліміздің түкпір-түкпірінен және Ресей Федерациясының Самара қаласынан келген 214 жас шахматшы қатысып, ақыл мен парасат бәсекесінде бақ сынады.
Жарыстың жабылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады. Ол жас шахматшыларды жоғары жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.
Турнирге 6–14 жас аралығындағы спортшылар қатысып, екі санат бойынша сынға түсті:
🔹 А турнирі – 14 жасқа дейінгі қатысушылар;
🔹 В турнирі – 10 жасқа дейінгі қатысушылар.
Қатысушылар 9 турдан тұратын швейцар жүйесі бойынша өзара мықтыны анықтады.
Жалпыкомандалық есеп бойынша:
🥇 1 орын – Астана қаласы;
🥈 2 орын – Маңғыстау облысы;
🥉 3 орын – Атырау облысы.
Қазақстан Балалар кубогі Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастыруымен төртінші жыл қатарынан өткізілуде. Биылғы маусым алты іріктеу кезеңінен және қорытынды финалдан тұрады. Финалдық кезең 2026 жылғы 1–13 желтоқсан аралығында Астана қаласында өтеді.
Бұл байрақты бәсеке жас шахматшылардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, достық пен өзара сыйластықты нығайтып, еліміздегі зияткерлік спорттың дамуына серпін беретін маңызды жарыс болды.
Қатысушыларды, жаттықтырушыларды және ата-аналарды турнирдің сәтті аяқталуымен құттықтаймыз! Жас шахматшыларға алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен толағай табыс тілейміз!
—————
#bqo_sport #Шахмат
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-sport/press/news/details/1257577?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау