Туризм нысандарында салық заңнамасын түсіндіру бойынша су көлігімен аралау іс-шарасы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кәсіпкерлік субъектілерінің салықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қабыш С.Қ., мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері және уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері бірлесіп Алтай ауданының жағалауы, Самар кенті маңы, Бұқтырма су қоймасының жағалауы және Катонқарағай ауданында орналасқан туризм нысандарын су көлігімен аралап, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында мамандар су көлігімен туристік демалыс базалары мен туристік инфрақұрылым нысандарына барып, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарын, салық міндеттемелерін орындау тәртібін, арнаулы салық режимдерін қолдану ерекшеліктерін, бақылау-касса машиналарын пайдалану және мемлекеттік кірістер органдарының электрондық сервистерін қолдану мәселелерін түсіндірді.

Сонымен қатар, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері өз құзыреті шеңберіндегі мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді.

Кәсіпкерлерге салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша кеңестер беріліп, ақпараттық материалдар таратылды және салық заңнамасының талаптарын сақтау жөнінде ұсынымдар берілді.

Осындай іс-шараларды өткізу салық мәдениетін арттыруға, салық заңнамасын бұзудың алдын алуға және мемлекеттік органдар мен туристік бизнес субъектілері арасындағы ашық өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1257569?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version