Мемлекеттік аттестаттау: 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы есеп

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылға 92 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау жүргізу жоспарланған, оның ішінде:

  • орта білім беру ұйымдары — 5 (4 мемлекеттік, 1 жекеменшік);
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары — 87 (33 мемлекеттік, 54 жекеменшік).

Аталған білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу 2026 жылдың шілде айында басталады.

Сонымен қатар, 2026 жылдың қаңтар–маусым айларында 35 білім беру ұйымына (34 орта білім беру ұйымы және 1 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы) қайта мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Қайта мемлекеттік аттестаттаудан 7 білім беру ұйымы өтпеді, оның ішінде 6 орта білім беру ұйымы (Қарқаралы ауданы: «Аппаз ауылының №18 ЖББМ» КММ, «Егіндібұлақ ауылының №5 ЖББМ» КММ, «Бүркітті ауылының №20 ЖББМ» КММ; Нұра ауданы: «Қарақойын ЖББМ» КММ, «Жараспай ЖББМ» КММ; Бұқар Жырау ауданы: «Байқадам ЖББМ» КММ) және 1 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы (Қарағанды облысы білім басқармасының «Осакаров ауданының КМИ» КММ).

Бұдан бөлек, 2025 жылы 26 орта білім беру ұйымы қайта мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген болатын (Қарқаралы ауданы: «Томар ауылының №22 ЖББМ» КММ, «Татан ауылының №23 ЖББМ» КММ, «Ақбай-Қызылбай ауылының №24 НОМ» КММ, «Абыз ауылының №27 НОМ» КММ, «Қарағаш ауылының №28 НОМ» КММ, «Сарыобалы ауылының №34 НОМ» КММ, «Айнабұлақ ауылының №38 БМ» КММ, «Борлыбұлақ ауылының №42 НОМ» КММ, «Белдеутас ауылының №52 БМ» КММ; Шет ауданы: «Мұхтар НОМ» КММ, «Мойынты ЖББМ» КММ, «Ш. Уәлиханов атындағы ЖББМ» КММ, «Қызылтау НОМ» КММ, «М. Жапақов атындағы НОМ» КММ, «Ақадыр БМ» КММ; Нұра ауданы: «Ж. Аймауытұлы атындағы НОМ» КММ, «Сарыөзен НОМ» КММ, «Балықтыкөл НОМ» КММ, «Ө. Тұрлыбеков атындағы БМ» КММ, «Аққолқа БМ» КММ; Бұқар Жырау ауданы: «Калинин ЖББМ» КММ, «Мәшһур Жүсіп атындағы ЖББМ» КММ; Осакаров ауданы: «№35 БМ» КММ, «№28 ЖББМ» КММ; Қарағанды қ.: «№40 НОМ» КММ; Саран қ.: «№2 ЖББМ» КММ).

Қайта аттестаттаудан өтпеудің негізгі себептері:

  • кадрлардың сапалық құрамы Біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
  • тиісті бейін бойынша арнайы педагогикалық білімі жоқ тұлғалардың педагогикалық қызметпен айналысуына жол берілген;
  • педагогтердің біліктілікті арттыру курстарынан уақтылы өтпеуі;
  • оқу кабинеттерінің жабдықталуы ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығымен бекітілген жарақтандыру нормаларына сәйкес келмейді;
  • білім алушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша дайындық деңгейін бағалау нәтижелері мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес келмейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-karaganda/press/news/details/1257568?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version