«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1, 5-тармақтарына және 11-бабы 1-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында келесі жобалар қаралып, талқыланды және ұсыныстар берілді:
– «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 26/206-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімінің жобасы;
– Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 26/210-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы;
– Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысындағы су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешімінің жобасы;
– Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысында жалпы су пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 18 қарашадағы № 25/202-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы;
– «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 19 наурыздағы «Шығыс Қазақстан облысындағы су айдындары үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылық мақсатта пайдалану режимі туралы» № 72 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;
– «Шығыс Қазақстан облысының су объектiлерiнде жаппай демалу, туризм және спортқа арналған орындар белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 237 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;
– Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысы үшін 2026–2030 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы» шешімінің жобасы;
– Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман және өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлемелері туралы» шешімінің жобасы;
– Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы» шешімінің жобасы;
– «Шығыс Қазақстан облысының 2026-2030 жылдарға арналған тұрғын үйлерді реновациялау бағдарламасын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімінің жобасы;
– «Шығыс Қазақстан облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/81-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімінің жобасы;
– «Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 12/97-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімінің жобасы;
– «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 12/98-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімінің жобасы;
– «Шығыс Қазақстан облысының облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларында, облыс кенттері мен ауылдық елді мекендерінде жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 104 қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 3/30-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы» бірлескен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі;
– «Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі;
– «Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihatvko/press/news/details/1257293?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау