Көкшетауда «Қауіпсіз жағалау» профилактикалық акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкшетау қаласында су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және қауіпсіз демалыс мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Қауіпсіз жағалау» профилактикалық акциясы өткізілді.

 Акция аясында Көкшетау қаласының прокуратурасы, Полиция басқармасы, Төтенше жағдайлар басқармасы, әкімдік және жедел медициналық жәрдем станциясы тарапынан демалушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық жадынамалар таратылды және судағы қауіпсіздік қағидалары түсіндірілді.

 Балалар үшін профилактикалық дәрістер ұйымдастырылып, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібі және жазғы демалыс кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттілігі түсіндірілді.

 Сонымен қатар жағалау аумағы қоқыстан тазартылып, демалушыларға тазалықты сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және демалыстан кейін қоқыс қалдырмаудың маңыздылығы түсіндірілді.

 Судағы қауіпсіздік пен жағалаудың тазалығы – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Қауіпсіздік ережелерін сақтап, табиғатты аялаңыз!

Ақмола облысының прокуратурасы

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1257295?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version