Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтың төрағалығымен Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жиында өңірдегі адам саудасына қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелері сараланып, өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, мобильді топтардың құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстық әрекеттердің жолын кесу, адам саудасы құрбандарын анықтау, қорғау және оларға қажетті көмек көрсету бағытындағы жұмыстары қаралды.

Сонымен қатар, зардап шеккен азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тетіктері мен білім беру ұйымдарында балалар мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық шаралар сөз болды.

Отырыс қорытындысында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейту, алдын алу жұмыстарын жетілдіру және адам саудасына қарсы күрес тетіктерінің тиімділігін арттыру жөнінде нақты міндеттер айқындалды. Қатысушылар бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1257177?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version