Мойынқұмда облыстық «Smart Battle: Жастардың білім сайысы» жоғары деңгейде өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мойынқұм ауданының құрылғанына 60 жыл және Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 130 жылдық мерейтойына орай Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен облыстық «Smart Battle: Жастардың білім сайысы» зияткерлік сайысы өтті.

Ауқымды білім сайысының негізгі мақсаты – жастардың интеллектуалдық әлеуетін арттыру, логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, шешендік өнерін шыңдау, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру және шығармашылық ізденістеріне қолдау көрсету. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бастамашылық еткен 30 кітап жобасын кеңінен насихаттау, жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, сөздік қорын байыту және еркін пікір алмасу дағдыларын дамыту да іс-шараның басты міндеттерінің бірі болды.

Білім бәйгесіне Жамбыл облысының 7 ауданынан келген жастар командалары қатысып, бес кезең бойынша бақ сынады. Қатысушылар әр кезеңде жан-жақты білімдерін, тапқырлықтарын, жылдам шешім қабылдау қабілеттерін және командалық үйлесімділіктерін көрсетіп, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті.

Сайыстың салтанатты ашылу рәсіміне Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Амангелдіұлы Карентаев қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Өз сөзінде аудан әкімі жастардың білімге, ғылымға және ізденіске ұмтылысы – еліміздің жарқын болашағының негізі екенін атап өтіп, мұндай зияткерлік жобалардың өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына, олардың азаматтық белсенділігі мен қоғамдық жауапкершілігін арттыруға зор ықпал ететінін жеткізді.

Бес кезеңнен тұрған тартысты дода қорытындысы бойынша командалардың білім деңгейі мен дайындықтары жоғары бағаланды.

Жарыс нәтижесінде:

  • Бас жүлдені Жамбыл ауданының командасы жеңіп алды;
  • ІІ орын Шу ауданының командасына бұйырды;
  • ІІІ орынды Меркі ауданы мен Шу қаласының командалары иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Smart Battle: Жастардың білім сайысы» жастардың білімге деген қызығушылығын арттыруға, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, интеллектуалдық әлеуетін дамытуға және өңір жастары арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Осындай тағылымды әрі мазмұнды іс-шаралар жас буынның жан-жақты дамуына серпін беріп, олардың жаңа бастамаларға ұмтылуына, өз қабілеттерін шыңдап, қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1257176?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version