ӘДЕП КОДЕКСІ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен арнайы кездесу өткізілді.

Кездесу барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мінез-құлық қағидаттарын ұстану, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және заң талаптарын қатаң сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шараға қатысушыларға адалдық, ашықтық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарының маңыздылығы түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың өзектілігі атап өтілді.

Мемлекеттік қызметшілерге діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері және мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға түсіндірілді.

Сондай-ақ, «Ойын бизнесі туралы» заңға сәйкес құмар ойындарға, бәс тігуге немесе интернет арқылы ұйымдастырылатын ойындарға қатысуға қатаң тыйым салынатыны ескертіліп, мұндай әрекеттердің жауапкершілігі мен теріс салдары түсіндірілді.

Кездесу соңында қатысушылар Әдеп кодексі талаптарын бұлжытпай сақтап, заңнама талаптарын қатаң орындаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1256722?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version