АТАМЕКЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
5 шілде күні өткен ауыл әкімдерінің сайлауының қорытындысына сәйкес Мерет Бақтығалиұлы Қайырлиев Атамекен ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Ерлан Галиев ауылдық округ активімен кездесіп, жаңадан тағайындалған әкімді ресми түрде таныстырды.
Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Мерет Бақтығалиұлының кәсіби тәжірибесіне тоқталып, алдағы қызметіне сәттілік тілеп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін
беретініне сенім білдірді.
Өз кезегінде жаңадан тағайындалған әкңм өзіне сенім білдірген тұрғындарға алғысын айтып, ауылдың дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру жолында адал әрі жауапкершілікпен еңбек ететінін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1257585?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version