Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Гүлнәр Жәнібекова Ақмола облысы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысына қатысты. Отырыс барысында балалардың құқықтарын, заңды мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қауіпсіздігін қорғау мәселелері қаралды.
Отырыс барысында қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметі, оқушыларды бір білім беру ұйымынан екіншісіне ауыстыру және оқудан шығару кезінде заңдылықтың сақталуы, жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды. Атап айтқанда, буллинг пен кибербуллингтің, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың, өзіне-өзі қол жұмсауға мінез-құлықтың алдын алу және балалар саудасына қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырысқа қатысушылар әрбір баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы профилактикалық жұмысты күшейтудің және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Гүлнәр Жәнібекова баланың құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын уақытылы қабылдау, балалардың құқықтарын қорғау жүйесі органдарының қызметін жетілдіру және кәмелетке толмағандардың құқықтарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету ерекше маңызға ие.
Отырыс қорытындысы бойынша балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсынымдар әзірленді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aqmola-oblysy/press/news/details/1257583?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау