Бүгін Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек ауданның 2026 жылдың 6 айдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізді.
Брифинг барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен негізгі салаларда атқарылған жұмыстар жан-жақты таныстырылды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, мәдениет пен спорт салаларындағы нәтижелерге кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, елді мекендерді газдандыру, автомобиль жолдарын жөндеу, электр желілерін жаңғырту, абаттандыру және көркейту бағытында іске асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат берілді.
Брифинг соңында аудан әкімі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын басым бағыттар мен жоспарланған жобалар жөнінде мәлімет ұсынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1257652?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау