Камералдық бақылау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Камералдық бақылау – салық органы салықтық нысандарды, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде жүзеге асыратын іс-шара.

 Камералдық бақылаудың мақсаты салық төлеушіге салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу бойынша салықтық міндеттемелерді дербес орындау құқығын беру болып табылады.

 Камералдық бақылау:
 салық органдарында, оның ішінде салықтық нысандарда бар мәліметтерде;
 өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерінде;
 әртүрлі ақпарат көздерінен алынған салық төлеушінің қызметі туралы мәліметтерде қамтылатын деректерді салыстыру арқылы жүргізіледі.

 Камералдық бақылауды салық органы Салық Кодексінде белгіленген салықтық есептілікті ұсыну мерзімі өткеннен кейін тиісті салықтық кезең үшін жүргізеді.

 Камералдық бақылау нәтижелері бойынша алшақтықтар анықталған кезде, деңгейлес мониторингке қатысушыны қоспағанда, салық төлеушіге камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарлама ұсынылады.

 Хабарламаны орындамаған кезде:
 Қазақстан Республикасының аумағында қызметін интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компанияның интернет-ресурстарына және (немесе) интернет-алаңына қолжетімділік шектеледі;
 осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операциялары хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде тоқтатыла тұрады;
 салық төлеушінің электрондық шот-фактураларын жазып беру хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде тоқтатыла тұрады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1257300?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version