Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы 140-тан астам азаматты жеке қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде халықпен ашық диалог орнату және азаматтардың өтініштерін жедел қарау бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы 140-тан астам тұрғынды жеке қабылдады. Барлық келіп түскен өтініштер заңнама талаптарына сәйкес қаралып, әр мәселе бойынша жауапты бөлімшелерге тиісті тапсырмалар берілді.

Азаматтарды қабылдау барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық істерді тергеу, жол қауіпсіздігі, заңдылықтың сақталуы, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері көтерілді.

Жеке қабылдау – полиция органдары мен халық арасындағы өзара байланысты нығайтудың маңызды тетіктерінің бірі. Полиция департаментінің басшылығы әрбір өтінішке ерекше назар аударып, азаматтардың мәселелерін уақтылы шешуге бағытталған шараларды қабылдауда.

Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою, ашықтық қағидаттарын сақтау және тұрғындардың құқықтарын қорғау Маңғыстау облысы Полиция департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1257301?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version