Агенттік Төрағасының Орынбасарының 13 шілдедегі №Б-138 және №Б-139 бұйрықтарына сәйкес келесі банктерге банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге лицензиялар қайта ресімделді:
– «Қазақстан Халық Банкі» АҚ келесі қосымша операциялар түрлерін енгізе отырып, №1.1.601.130 әмбебап банктік лицензия берді:
басқа операциялар:
банкаралық қарыздар, банкаралық кепілдіктер, банкаралық кепілгерліктер, сондай-ақ өзге де банкаралық операциялар.
– «Kaspi Bank» АҚ келесі қосымша операциялар түрлерін енгізе отырып, № 1.1.722.131 әмбебап банктік лицензия берді:
басқа операциялар:
банкаралық қарыздар, банкаралық кепілдіктер, банкаралық кепілгерліктер, сондай-ақ өзге де банкаралық операциялар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1257493?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау