Өрт қаупі жоғары кезеңде орман, дала және басқа да өрттердің туындау қаупі артады. Сондықтан өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау аса маңызды.
❌ Осы кезеңде:
• от жағуға және ашық отты пайдалануға;
• сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелерді тастауға;
• құрғақ шөпті өртеуге;
• табиғат аясында жанғыш материалдарды қалдыруға тыйым салынады.
Отпен жұмыс істеу кезінде, техниканы жанармаймен толтыру барысында ерекше сақтық танытып, ормандар мен дала аумақтарында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет.
⚠️ Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу құрғақ шөптер мен дала өсімдіктерінің тұтануына, ал өрттің теміржол аумағына қарай таралуына әкелуі мүмкін.
Табиғатты өрттен қорғайық! Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау – үлкен апаттың алдын алудың ең тиімді жолы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-amankaragai/press/news/details/1257494?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау