Кітап – ұлттың рухани қазынасы, ал оны оқу – адамның ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымын байытатын маңызды құндылық.
Қаратау аудандық полиция басқармасының жас мамандары қазақ журналистикасының көрнекті өкілі, жазушы әрі редактор Қайырғали Мұсілімұлы Медеттің өмір жолы мен шығармашылық мұрасымен танысты. Қаламгердің журналистика саласындағы еңбегі, шығармашылық ізденісі және ұлттық руханиятты дамытуға қосқан үлесі кеңінен насихатталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру – ортақ міндет» деп атап өткен болатын. Осы бағыттағы тағылымды іс-шаралар жас мамандардың кітап оқуға деген ынтасын арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және рухани дамуына оң ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1255844?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау