Мойынқұм ауданында Су шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Мойынқұм ауданында сала мамандары мен ардагерлеріне арналған мерекелік жиын өтті.

Іс-шараға қатысқан Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Амангелдіұлы Карентаев су шаруашылығы саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және елді мекендерді тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету жолындағы еңбегіне жоғары баға берді.

Аудан басшысы өз сөзінде су шаруашылығы саласының стратегиялық маңызын атап өтіп, бүгінде Мойынқұм ауданында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын айтты. Бұл жұмыстардың нәтижелі орындалуы сала мамандарының кәсібилігі мен жауапкершілігінің жемісі екеніне ерекше тоқталды.

Мерекелік жиын барысында су шаруашылығы саласының дамуына қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін бірқатар қызметкерлер мемлекеттік, ведомстволық және жергілікті атқарушы органдардың марапаттарына ие болды.

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Құрмет грамотасымен» Мұрат Метербекұлы Қасабеков марапатталды.

Жамбыл облысы әкімінің «Алғыс хаты» Жандос Рахманқұлұлына табысталды.

Аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» Кеңес ауылдық округінің әкімі Әділет Мұқашев, Биназар ауылдық округінің әкімі Қамбар Атаев, Қызылтал ауылдық округінің әкімі Думан Атаев және Мойынқұм өндірістік бөлімшесінің гидротехникалық жүйе қараушысы Құрманәлі Айдаров марапатталды.

Сондай-ақ аудан әкімінің «Алғыс хатымен» Мойынқұм өндірістік бөлімшесінің бухгалтері Нұрхат Ақылбеков пен гидротехникалық жүйе қараушысы Серік Сұраншиев наградталды.

Мойынқұм ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына, елді мекендерді тұрақты сумен қамтамасыз етуге сүбелі үлес қосып жүрген барлық су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1256511?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version