Ұлытау облысында су үнемдеу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 7 шілдеде Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік су инспекциясының Ұлытау облысы бойынша су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану бөлімі халық арасында су үнемдеу мәдениетін қалыптастыру және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Іс-шараға өңірдің су пайдаланушылары қатысты. Кездесу барысында су ресурстарын ұтымды пайдалану, суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ су пайдалану саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар қатысушыларға су есептеу құралдарын орнатудың маңыздылығы, суды ысырапсыз пайдалану және су тұтынуды азайтуға бағытталған тиімді тәсілдер туралы ақпарат берілді.

Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары су пайдаланушылардың жауапкершілігін арттыруға, су ресурстарын тиімді пайдалануға және елімізде су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/1256512?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version