Іс-шара барысында облыс прокуроры Ержан Дүйсекенов прокуратура органдарының ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және жас буын прокурорларды тәрбиелеуге қосқан өлшеусіз үлесін ерекше атап өтті.
Облыс прокуроры өз сөзінде прокуратура органдарының қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлердің адал еңбегі мен мол тәжірибесі әрдайым жоғары бағаланатынын айтып, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.
Осындай тағылымды кездесулер прокуратура органдарының сабақтастығын нығайтып, кәсіби дәстүрлерді сақтауға және жас ұрпаққа өнеге болуға ықпал етеді.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1257377?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау