Қорғалжын ауданының прокуратурасы «Қауіпсіз жағалау» акциясын өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жазғы кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздік мәселелері ерекше назар аударуды талап етеді.

Қорғалжын ауданы аумағында судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында аудан прокуратурасының үйлестіруімен аудандық ТЖБ және ПБ бірлесуімен «Қауіпсіз жағалау» профилактикалық акциясын өткізді.

Акция аясында су айдындарында рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау және су айдындарының жабдықталмаған учаскелерінде, сондай-ақ «Суға түсуге тыйым салынады» белгілері болған жерлерде шомылуға жол берілмейтіндігі, алкогольді және есірткіге масаң күйде шомылуға болмайтыны т.б. маңызды тақырыптарда түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Балалардың қауіпсіздігіне және оларды қараусыз қалдыруға, ересектерсіз суға кіруге жол берілмейтіндігіне ерекше назар аударылды.

Түсіндіру жұмыстары аудан прокуратурасымен ҚР «Прокуратура туралы» Конститциялық Заңының 41-бабы негізінде жүргізілді.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1257375?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version