Жаз мезгілінде терезелерді ашу жиілеп, өкінішке қарай, балалардың терезеден құлап кету қаупі артады. Осыған байланысты ата-аналар мен заңды өкілдерді қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз.
Мамандардың айтуынша, балаларды ашық терезенің жанында қараусыз қалдыру – ең үлкен қауіптердің бірі. Көп жағдайда москит торлары баланы ұстап қала алмайды, себебі олар тек жәндіктерден қорғауға арналған және берік тірек болып саналмайды. Сондай-ақ, терезе алдына қойылған жиһаздар баланың терезеге оңай шығуына себеп болады.
Осыған орай, келесі қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады:
⚠️ балаларды ешқашан ашық терезе жанында жалғыз қалдырмау
⚠️ москит торларына сенбеу
⚠️ терезе алдына жиһаз қоймау
⚠️ арнайы бекіткіштер мен шектеуіш құралдарды орнату
Есіңізде болсын: бала қауіпсіздігі – сіздің жауапкершілігіңіз.
Қауіптің алдын алу – әр отбасының міндеті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-arandy/press/news/details/1255918?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау