Созақ аудандық мәслихат төрағасының 08.07.2026 жылғы №41 шешімі
Созақ аудандық мәслихатының
сегізінші шақырылымындағы
кезектен тыс қырық екінші
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес, Созақ аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезектен тыс қырық екінші сессиясы 2026 жылғы 15 шілде, сағат 11.00-де, Шолаққорған ауылында шақырылсын.
Созақ аудандық мәслихатының
төрағасы О.Жәмиев
Созақ аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, Созақ аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезектен тыс қырық екінші сессиясы 2026 жылғы 15 шілде, сағат 11.00-де Шолаққорған ауылында шақырылатыны туралы Сіздерді хабардар етемін. Мекен-жайы: Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі, №16.
Депутаттарды тіркеу 15 шілде, сағат 09.00-ден бастап аудандық мәслихатта өткізіледі.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2026 жылғы 15 шілде, сағат 10.00-де өткізіледі.
Сессияның қарауына мына мәселе ұсынылады:
Созақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №240 «2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округтер және кенттер бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Созақ аудандық мәслихатының
төрағасы О.Жәмиев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak-maslihat/press/news/details/1256648?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау