«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын түсіндіруге және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мен профилактикасының өзекті мәселелері» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы **Сейтмағанбетова Жазира Тоқтарқызы** және Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы **Сағадиева Гүлмира Мұталлақызы** өткізді.

Дөңгелек үстел барысында заңнамаға енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметте адалдық қағидаттарын нығайту, мүдделер қақтығысының алдын алу, сондай-ақ заңнама талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы тиімді іске асырудың маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1256649?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version