Мойынқұм ауданында жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарын кеңінен насихаттау, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен танымдық семинар өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға Конституцияның мемлекеттің құқықтық негізі ретіндегі маңызы, оның қоғамның тұрақты дамуы мен заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар Ата Заңда бекітілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, міндеттері, мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер және конституциялық реформалардың негізгі бағыттары жөнінде кеңінен ақпарат берілді.
Семинар барысында жастар Конституцияның күнделікті өмірдегі маңызы, азаматтық жауапкершілік, заң талаптарын сақтау мәдениеті және құқықтық мемлекет қағидаттары төңірегінде пікір алмасты. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан жан-жақты жауап алды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық білімді арттыру, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілік құндылықтарын нығайту, сондай-ақ Конституцияның қоғамдағы рөлі туралы түсінікті кеңейту.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға, белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға және құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1257779?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау