Жаңасу асуының жолы жөндеуден өтіп, шаруалар игілігіне берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Үстірт үстіртіндегі шаруа қауымы үшін маңызды әрі күрделі мәселелердің бірі оңтайлы шешімін тапты. Қарақия ауданына қарасты Сенек ауылының солтүстік-шығыс беткейінде, 130 шақырым қашықтықта орналасқан тарихи Жаңасу асуының ескі жолын қалпына келтіру жұмыстары сәтті аяқталды. Осы жылдың 8-9 шілде күндері аралығында асу бойындағы ең күрделі екі шақырымдық жол тегістеліп, толықтай жөндеуден өтті. Бұл аймақ-Үстірт ойпатындағы ондаған шаруа қожалықтары үшін, соның ішінде негізгі күнкөрісі мен тыныс-тіршілігі Сенек ауылдық округіне тікелей байланған жергілікті шаруалар үшін ұзақ уақыт бойы шешімін күткен өзекті мәселе, нағыз мұң-мұқтаж болатын.

Географиялық орналасуы жағынан күрделі әрі рельефі қатпарлы Жаңасу асуы төрт түлігін өргізген шаруалардың күнделікті тұрмыста, мал азығын тасымалдауда және қажетті техникалармен қатынауда пайдаланатын жалғыз да маңызды стратегиялық бағыты еді. Бүгінгі таңда жолдың кедір-бұдыры тегістеліп, көлік қозғалысына қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасалып, нысан толықтай пайдалануға берілді. Бұл игілікті істің жедел әрі сапалы атқарылуына өңірдегі ірі өндірістік алпауыт «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының әлеуметтік жауапкершілік аясында заманауи арнайы техникалар бөліп, қолдау көрсетуі үлкен септігін тигізді. Жергілікті билік пен өндіріс ошағының бірлескен үйлесімді жұмысының нәтижесінде атқарылған бұл шара ауданның ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, шаруалардың жұмысын жеңілдетіп, өңірдің ішкі инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған нақты қадамдардың бірі ретінде бағытталған.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1256932?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version