Баянауыл ауданында мемлекет меншігіне 2 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері қайтарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Баянауыл ауданының прокуратурасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану барысында жер заңнамасының бұзылғанын анықтады.

Тексеру барысында бірқатар жер пайдаланушылар жалдау мерзімі аяқталғанына қарамастан, жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтармай, пайдалануды жалғастырғаны белгілі болды. Атап айтқанда, «Рымжан» шаруа қожалығы Қызылтау ауылдық округінің аумағында орналасқан көлемі 680,4 гектар жер учаскесін заңсыз пайдаланған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған заң бұзушылықтар жойылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекет меншігіне кадастрлық құны 16 млн теңгеден асатын 2 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қайтарылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/1256931?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version