📍 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында
Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің төрағалығымен ауылдық округ аумағындағы бірқатар кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбетін абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жағдайына мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Мониторинг барысында кәсіпкерлік нысандарының қасбеттерінің жай-күйі, іргелес аумақтарының тазалығы, абаттандырылуы мен көгалдандырылуы зерделеніп, кәсіпкерлерге қолданыстағы абаттандыру және санитарлық тазалық талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ауылымыздың тазалығы мен көркеюі – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осыған орай, барлық кәсіпкерлерді өз нысандарының сыртқы келбетін ұқыпты ұстап, іргелес аумақтарды тұрақты түрде таза ұстауға және көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге шақырамыз.
Таза Қазақстан – таза ауылдан басталады! 🌿
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1258495?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау