Абыройлы еңбектен – құрметті зейнетке

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Хайдаров Талғат Халихановичтің зейнеткерлікке шығуына орай облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлу Сариева келіп, алғыс хат табыстап, құрмет көрсетті.

Хайдаров Талғат Халиханович – Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталов ауылында 1962 жылы 15 шілде күні дүниеге келген.

1969-1979 жылдар аралығында БҚО, Казталов ауданы Казталов ауылында орта жалпы білім беретін мектебінде оқыған.
1979-1985 жылдары Қарағанды қаласы, Қарағанды мемлекеттік медицина институтының гигиена, санитария, эпидемиология мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1985 жылы Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында дәрігер-эпидемиолог болып бастады. 1990 жылдан осы кезге дейін Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Талғат Халиханович осы салада тұрақты 41 жыл еңбек ету жолында 2005 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды, 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды, денсаулық саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР денсаулық сақтау министрлігінің, департамент басшыларынан, облыс, аудан әкімдерінен көптеген «Алғыс хат» иегері атанған.

41 жылдық еңбек өтілін халық денсаулығын қорғау ісіне арнаған білікті маманның өнегелі жолы жас ұрпаққа үлгі.
Іс-шара соңында Талғат Халиханович көрсетілген құрмет пен ізгі лебіз үшін әріптестеріне алғысын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1258490?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version