🔹 АҚТАУДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастарға арналған ақпараттық-танымдық кездесу өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Ермұқанов Әсет Әбілахатұлы, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Ғайбуллаев Құралбек Мырзабекұлы, Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау бөлімінің маманы Сәрсенбиев Серікхан Әбуханұлы, сондай-ақ жауынгерлік самбодан аға жаттықтырушы, 2026 жылғы әмбебап жекпе-жектен Азия чемпионы Сейілханов Айсерік Шадиярұлы қатысты.

Кездесу барысында департаменттің Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Әсет Ермұқанов жастарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негізгі талаптарын түсіндіріп, еңбек шартын жасасудың маңыздылығы, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктері, кәмелетке толмағандардың еңбегін реттеу ерекшеліктері, сондай-ақ еңбек қатынастары саласындағы заң талаптарын сақтау мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар, іс-шара аясында интернет-алаяқтықтың, дропперлік пен фишингтің алдын алу, діни қауіпсіздік пен діни сауаттылықты арттыру, сондай-ақ жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек құқықтары туралы білімін кеңейтуге, заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдағы құқықтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1257976?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version